«Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау»

«Атом энергетикасы және өнеркәсібі»

21-23 ҚАЗАН 2026

 

AIDA — ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТОМ САЛАСЫН ДАМЫТУ

AIDA логотип

«Atomic Industry Development Association» (AIDA) коммерциялық емес ұйымы — Қазақстанның атом саласын дамытуға жәрдемдесетін, бизнес, ғылым, сарапшылық және кәсіби қоғамдастық өкілдерін, сондай-ақ халықаралық серіктестерді біріктіретін тәуелсіз салалық қауымдастық.

AIDA Қазақстанның атом саласын тұрақты әрі қауіпсіз дамытуға, оның технологиялық әлеуетін нығайтуға және заманауи шешімдерді енгізуге бағытталған жұмыстар жүргізеді. Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттары — өндірісті оқшаулау (локализация), ұлттық жеткізу тізбегін дамыту, қазақстандық бизнесті қолдау, кадрлар даярлау, ядролық білім беру және халықаралық ынтымақтастық.

IMG 2213 DSC05246

AIDA халықаралық және салалық әріптестікті белсенді дамытып келеді. Қауымдастық отандық және халықаралық ұйымдармен бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Олардың қатарында I2EN (International Institute of Nuclear Energy), Korea Nuclear Association (KNA), Түркияның атом өнеркәсібі қауымдастығы (NIATR), Атом саласының құрылыс кешені ұйымдары қауымдастығы (АСКАО) және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» бар. Бұл серіктестіктер ядролық білім беруді дамытуға, тәжірибе алмасуға, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға, локализацияны дамытуға және кадрлық әлеуетті арттыруға бағытталған.

photo 2026 05 28 09 45 55  ayatleubay 199

AIDA атом саласындағы адами капиталды және жастар әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Қауымдастық мемлекеттік органдар, бизнес, халықаралық ұйымдар, ғылыми орта және жастар өкілдерін біріктіретін, саладағы білім беру, мансаптық және кәсіби мүмкіндіктерді талқылауға бағытталған бастамаларға қатысады.

Powerеxpo көрмесі аясында AIDA өз қызметінің негізгі бағыттарын және энергетика мен өнеркәсіп секторындағы компаниялар үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырады. Атап айтқанда, локализация, жеткізу тізбегін дамыту, халықаралық ынтымақтастық, кадрларды даярлау және білім беру бастамалары бағыттарына назар аударылады.

AIDA — Қазақстанның атом саласындағы серіктестіктер мен жаңа мүмкіндіктерді дамытуға арналған платформа.

IMG 0345