Kazatomexpo 2025 стендімен қатысу құны мен шарттарын біліңіз
Сұрақтарыңыз болса хабарласыңыз:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., +7 727 258 3434
KazAtomExpo – Қазақстанның атом саласына арналған жабдықтар мен қызметтердің жеткізушілерінің көрмесі, оның басты мақсаты – отандық атом саласын дамытуға және ядролық қауіпсіздікті нығайтуға жәрдемдесу.
KazAtomExpo – атом энергетикасы мен өнеркәсібі, машина жасау және оған байланысты салаларда жұмыс істейтін мамандарға арналған кәсіби шара. Бұл көрме атом ғылымы мен техникасының басым бағыттарын іске асыру жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге, өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған.
Көрменің негізгі қатысушылары: техникалық құжаттама әзірлеушілер; АЭС жобалау және салу қызметтерін ұсынатын компаниялар; ядролық реакторларды пайдаланудан шығару және РАҚ пен СЯО (сәулеленген ядролық отын) басқару жөніндегі инжинирингтік және сервистік қызметтерді көрсететін кәсіпорындар; түрлі қуаттағы реакторларды әзірлеушілер; уран өндіруші және өңдеуші компаниялар; геологиялық барлау бағытындағы кәсіпорындар; уран, бериллий және тантал өндірісімен айналысатын компаниялар; реакторлық қондырғыларға арналған ядролық отынды өндірушілер; атом өнеркәсібі кәсіпорындарының персоналының біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыратын компаниялар; инвестициялық және сақтандыру компаниялары.
KazAtomExpo Қазақстандық Халықаралық «Энергетика, Электртехника және Энергетикалық машина жасау» – Powerexpo Almaty көрмесі аясында бір алаңда өтеді, бұл мақсатты келушілердің барынша көп санын тартуға және мазмұнды іскерлік бағдарламаны ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ауқымды іскерлік бағдарлама мамандарды өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған жаңа жабдықтар мен технологиялармен таныстырады.
KazAtomExpo көрмесіне атом саласының мамандары – қазақстандық және шетелдік мемлекеттік органдардың; халықаралық, үкіметтік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері; ресейлік және шетелдік атом өнеркәсібі кәсіпорындарының басшылары мен мамандары; отын-энергетикалық кешен және инженерлік-техникалық қызметтер кәсіпорындарының басшылары; коммуналдық шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас инженерлері мен энергетиктері; жобалау, құрылыс, монтаж ұйымдарының өкілдері; көлік, сервис және сауда кәсіпорындарының мамандары қатысады.
Атом өнеркәсібі – Қазақстанда табысты дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Қазақстанда әлемдік барланған уран қорының шамамен 19%-ы шоғырланған, уран өндіру мен өңдеудің дамыған отандық өнеркәсібі бар, ол әлемдік уран қажеттілігінің шамамен 40%-ын қамтамасыз етеді. Қазақстан үшін атом саласы стратегиялық маңызға ие, өйткені ол мемлекеттің экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Қазақстан уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді.
Атом өнеркәсібін дамытудан бөлек, алдағы жылдары Қазақстанда екі атом электр станциясы салынады.
2025 жылғы маусымда Атом энергиясы агенттігі Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде «Росатом» компаниясының таңдалғанын хабарлады. Сондай-ақ, агенттік қытайлық China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы Қазақстанда тағы бір АЭС салу жөніндегі консорциумның көшбасшысы болатынын мәлімдеді.
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Алматы облысы Жамбыл ауданының Үлкен ауылында, Балқаш көлінің жағасында салу жоспарлануда. Оның қуаты шамамен 2,4 ГВт болады деп күтілуде. Электр станциясын жобалау, салу және пайдалануға беру кезеңі 10–12 жылға созылады. Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын аяқтау мерзімі шамамен 2035–2036 жылдар деп белгіленген.
2025 жылғы қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке атом өнеркәсібі, атом энергетикасы, ғылыми-техникалық даму, радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынды басқару бағыттарын қамтитын ядролық кластер құруды бастауды тапсырды. Алдағы уақытта ғылым қалаларын құру, зерттеу инфрақұрылымын жаңғырту, үдеткіш және радиациялық технологияларды, ядролық медицинаны және изотоп өндірісін дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту жоспарланып отыр.