«Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау»

«Атом энергетикасы және өнеркәсібі»

POWEREXPO ALMATY 2027

25-ШІ “ЭНЕРГЕТИКА, ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МАШИНА ЖАСАУ” ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

Сіздерді 2027, жылғы 20-22 қазан аралығында Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42 мекенжайында орналасқан «Атакент» көрме кешенінде өтетін Энергетика, Электротехника және Энергетикалық Машина Жасаукөрмесіне шақырамыз.

Powerexpo Almaty 2027 көрмесіне стендпен қатысу құны мен шарттарын біліңіз.
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., +7 727 258 3434

2001 жылдан бастап Powerexpo Almaty қазақстандық халықаралық көрмесі жыл сайын мамандардың назарына энергетика саласына арналған ең заманауи жабдықтарды, технологияларды және қызметтерді ұсынады, бұнысымен іскерлік кездесулердің, тәжірибе алмасулардың, жаңа байланыс орнату және келіссөздер жүргізудің дәстүрлі алаңы болды.

Көрме ресми түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі; Алматы қаласының әкімдігі; “Самұрық Энерго” АҚ; Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы “KEGOC” АҚ; Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы - ҚЭҚ; Қазақстандық энергия аудиторлар қауымдастығы және Инженер-энергетиктер одағының қолдауымен ұйымдастырылды.

2012 жылы Дүниежүзілік көрме индустриясының қауымдастығы тарапынан (UFI) Power Kazakhstan (бұл жерде Powerexpo Almaty) көрмесіне «UFI Approved Event» таңбасы берілді, бұл шараның қосымша халықаралық мәртебесін бекітті.

Powerexpo Almaty көрмесіне қатысуға ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері, монтаждық және жобалық-конструкторлық ұйымдар; электротехникалық жабдықтардың; кабелді-өткізгіш өнімдердің; басқару, байланыс, релелік қорғаныс және автоматика жүйелерінің; диагностика және өлшеу құралдардың; жарық техникалық өнімдердің өндірісшілері және жеткізушілері шақырылады.

2025 жылы көрмеге әлемнің 17 елінен 234 компания қатысты. Олардың қатарында Австрия, Алжир, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Словакия, Түркия, Өзбекстан және Чехия елдері бар.

Салалық ведомстволардың қолдауымен Мордовия Республикасының, Пермь өлкесінің, Омбы облысының ұжымдық экспозициялары, «Моспром» ұжымдық стенді құрылды. Сондай-ақ, Калуга облысы, Челябинск облысы және Свердловск облысы да қатысты.

Қатысушылардың белсенділігі де айтарлықтай өсті. 2025 жылы Powerexpo Almaty көрмесіне 3,813 сала маманы келді. Іскерлік бағдарлама аясында 45 спикер 9 мамандандырылған сессияда баяндама жасады.

Powerexpo Almaty келушілері - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан қалаларынан арнайы шақырылған делегацияларды қамтыған кәсіби аудитория, оның ішінде мемлекеттік құрылымдардың және мекемелердің өкілдері, ЖЭК кәсіпорындарының және инженерлік-техникалық қызметтердің басшылары; АЭК, ЖЭО, ГЭС басшылары, түрлі салалардағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен коммуналдық шаруашылықтардың бас инженерлері және энергетиктері; жобалаушы, құрылыс, монтаждық ұйымдардың өкілдері; көліктік, сервистік және сауда кәсіпорындарының мамандары бар.

КӨРМЕ БӨЛІМДЕРІ

ЭЛЕКТРОТЕХНИКА

ЭЛЕКТРОТЕХНИКА

  • Энергетикалық машина жасау
  • Электротехникалық жабдық
  • Электр, жылу және газбен жабдықтау жүйелері
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарға арналған жабдық және техника
  • Бақылау және өлшеу жүйелері және құралдары
  • Технологиялық үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері
  • Бағдарламалық жасақтама
  • Энергия тиімділік және энергия үнемдегіш технологиялар және жабдықтар
  • Энергия объекттердің қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік
ЭНЕРГИЯНЫҢ БАЛАМА КӨЗДЕРІ

ЭНЕРГИЯНЫҢ БАЛАМА КӨЗДЕРІ

  • Био энергетика
  • Жел энергетикасы
  • Сутектік энергетика
  • Геотермалды энергетика
  • Су энергетикасы
  • Күн энергетикасы
ЖАРЫҚТАНДЫРУ, ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАРЫҚ ТЕХНИКАСЫ

ЖАРЫҚТАНДЫРУ, ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАРЫҚ ТЕХНИКАСЫ

  • Түрлі салалардың қойма және өнеркәсіптік объектілерін жарықтандыру
  • Көшелерді, жер асты өткелдерін, көлік жол айырықтарын, көлік желілерін жарықтандыру
  • Жарық көздері, жарықдиодтар
  • Технологиялар, жарық техникалық өнімдерді өндіруге арналған жабдық және материалдар
  • Жарықпен басқару жүйелері және жарықпен өлшеу аспаптары
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕГІШ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІК

КАБЕЛЬ-ӨТКІЗГІШ ӨНІМДЕР

  • Күштік кабельдер, басқару, байланыс, талшықты-оптикалық, арнайы мақсатты кабельдер
  • Электр тасымалдау әуе желілеріне арналған, байланыс, арнайы мақсатты, орамалық сымдар
  • Біріктіргіш арматура, оқшаулағыш материалдар және басқа да туыстас материалдар
  • Тартуға және монтажға арналған құрамдастар, жабдық, құрал және аспаптар
  • Кабель-өткізгіш өнімдерді тарту және монтаждау техникасы
Loader