«Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау»

«Атом энергетикасы және өнеркәсібі»

21-23 ҚАЗАН 2026

 

КАБЕЛЬ ТӨСЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: POWEREXPO ALMATY 2026 КӨРМЕСІНДЕГІ BIORTG ЖАҚПАМАЙЛАРЫ

BiorTG logo 002

Powerexpo Almaty 2026 көрмесінің қатысушылары мен қонақтары кез келген электрмен жабдықтау кабель төсеуден және кабель жүйелерін монтаждаудан басталатынын жақсы біледі.
Монтаждау жұмыстары кезінде кабель үлкен жүктемелерге ұшырайды: үйкеліс, созылу, сыртқы қабықшаның сырылуы. Кабельді төсеуді жеңілдету үшін Ресейде BiorTG сериялы арнайы жақпамайлар жасалып, өндіріледі.
Кабель төсеуге арналған жақпамайларды қолдану тиімді, ал кейбір жағдайларда міндетті болып табылатын жағдайларды қарастырайық:

BiorTG 100 — Жеңіл және орташа салмақтағы кабельдерді тартуға арналған гель-жақпамай

  • Құрылыс жұмыстары
  • Төмен токты байланыс немесе күзет дабылы кабельдерін төсеу
  • Бөлшек тұтынушылар, бағбандар, ұсақ жөндеу жұмыстары

PZ 001 Z 001

BiorTG 200 — Ауыр (жүктемесі 60 кғк дейін) және орташа салмақтағы кабельдерді тартуға арналған гель-жақпамай

  • Күштік кабельді ТҒП (ПНД) құбырларына төсеу, оның ішінде ұзақ қашықтыққа
  • Ландшафтық дизайндағы құрылыс жұмыстары
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындарды, электр станцияларын, логистикалық орталықтарды және т.б. салу
  • Кабель төсеуге арналған роликтерді майлау
  • Монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде арқандарды (тростарды) майлау
  • Ауыр заттарды жылжыту кезінде беттерді майлау

«BiorTG winter» — Суық мезгілдегі монтаждау жұмыстарына арналған

  • Теріс температурада (-30°C дейін) кабельді тарту бойынша барлық жұмыстар

 

BiorTG PWater, BiorTG PWater micro, BiorTG PWater winter — Талшықты-оптикалық кабельді құбырға үрлеп кіргізуге (задувка) арналған жақпамайлар. Кабельдің зақымданбай және төсеу жылдамдығын төмендетпей ұзақ қашықтыққа өтуіне мүмкіндік береді.

2025 Promo

BiorTG сериялы гель-жақпамайларының артықшылықтары:

  • Төмен үйкеліс коэффициентіне ие, бұл кабель-каналдары арқылы қозғалу кезінде үйкелісті азайтады және күрделі жерлерден әрі ұзақ қашықтықтардан оңай өтуге мүмкіндік береді;
  • Жоғары температураға төзімді, бұл кабельдің кез келген түрін монтаждауға мүмкіндік береді;
  • Су негізінде жасалған, суда ериді;
  • Оқшаулағыш материалдарға және құбырларға бейтарап (зақым келтірмейді);
  • Уытты емес және пайдалануда қауіпсіз, табиғатты қорғау аймақтарында қолдануға болады;
  • Түссіз және иіссіз. Артық мөлшері беттерден оңай тазаланады.

Жақпамайларды қолдану, өндіру мерзімдері мен жеткізу шарттары бойынша кеңесті Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына өтінім жіберу арқылы алуға болады.

Компанияның сайты: bior-tgel.ru