«Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау»

«Атом энергетикасы және өнеркәсібі»

21-23 ҚАЗАН 2026

 

АЭУИ: ЭНЕРГЕТИКА ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР, ЦИФРЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ, ИНЖЕНЕРЛІК ШЕШІМДЕР ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЭКСПЕРТИЗА

logotype 23

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» АҚ (АЭУИ) энергетика саласы кәсіпорындары үшін қолданбалы ғылыми зерттеулерді, цифрлық модельдеуді, инженерлік шешімдерді, техникалық экспертизаны, нормативтік, жобалық және әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді, энергия тиімділігі саласындағы шешімдерді және мамандардың біліктілігін арттыруды біріктіретін өзінің ғылыми-инженерлік құзыреттерін ұсынады.

Негізгі бағыттардың бірі — энергия жүйелерін автоматтандыру құрылғыларын сынау және верификациялау үшін Real Time Digital Simulator (RTDS) цифрлық модельдеу бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдану. Кешен өтпелі процестерді нақты уақыт режимінде модельдеуді қамтамасыз етеді және Hardware-in-the-Loop (HIL) технологиясы бойынша қоздыруды автоматты реттеу (ҚАР), апатқа қарсы автоматика (АҚА) және релелік қорғаныс пен автоматиканың (РҚА) нақты жүйелерін жұмыс істеп тұрған энергообъектілерде іске асырмай-ақ сынауға мүмкіндік береді.

АЭУИ құзыреттілігі электр және жылу энергетикасы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер мен инженерлік әзірлемелерді, соның ішінде электр желілерінің режимдерін талдауды, энергия жүйелерінің орнықтылығын зерттеуді, өтпелі процестерді есептеуді, инженерлік шешімдерді және энергетикалық инфрақұрылымды дамытудың перспективалық бағыттарын әзірлеуді қамтиды.

АЭУИ мамандары техникалық экспертизаны, инженерлік есептеулерді орындайды, нормативтік, жобалық және әдістемелік құжаттамаларды, мамандандырылған есептеу бағдарламаларын әзірлейді және энергетикалық жобаларды іске асыру кезінде сараптамалық қолдау көрсетеді.

Энергия тиімділігі саласында университет энергетикалық тексерулерді, техникалық-экономикалық сараптамаларды жүргізеді, энергия үнемдеу және жаңғырту бағдарламаларын әзірлейді, жылу техникалық сынақтарды және объектілерді аспаптық тексеруді (бұзбайтын бақылау) орындайды.

Біліктілікті арттыру орталығы энергетиктер мен автоматтандыру мамандары үшін қосымша кәсіптік білім беру және практикалық оқыту бағдарламаларын іске асырады.

АЭУИ құзыреттілігі энергетика саласының өзекті міндеттерін шешуге және энергетикалық компаниялармен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, жобалау ұйымдарымен, ғылыми мекемелермен және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.