ИННОВАЦИЯЛАР МЕН СЕНІМДІЛІК: «AISNET» КОМПАНИЯСЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ ТОЛЫҚ ЦИКЛДІ ШЕШУДІ ҰСЫНАДЫ

«AISnet» компаниясы бүкіл Қазақстан бойынша электр энергетикасы саласындағы жедел ақпараттық жүйелерді құруға мамандандырылған.
Компанияның басты мақсаты — заманауи жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және озық технологияларды пайдалана отырып, электр энергиясын және басқа да энергетикалық ресурстарды өндіруді, тасымалдауды және бөлуді жедел басқаруды ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету. «AISnet» жедел жүйелерді жобалау кезеңінен бастап пайдалануға бергенге дейінгі жұмыстардың толық циклін жүзеге асырады.

Компания бағдарламалық қамтамасыз ету мен жоғары технологиялық жабдықтардың жетекші халықаралық өндірушілерімен белсенді ынтымақтасады, сондай-ақ отандық сенімді өндірушілермен серіктестік қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Негізгі бағыттар мен енгізілетін жедел жүйелер:
- Диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ДБАЖ, SCADA)
- Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері (ЭЕКЕАЖ)
- Жедел-ақпараттық кешендер (ЖАК)
- Электр энергиясының сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйелері (ЭЕСБӘЖ)
- Мониторинг және басқару жүйелері (МБЖ)
- Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ТПБАЖ)

