Қазақстандық Халықаралық «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау» және «Атом энергетикасы және өнеркәсібі» көрмелері

«Казцентрналадка» — өндірістік автоматтандыру саласындағы 55 жылдық сенім мен инновация

001 page 0001

«Казцентрналадка» ЖШС — 55 жылдан астам уақыт бойы өндірістік кәсіпорындарда технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару жүйелерін енгізумен, сондай-ақ тау-кен, байыту және металлургиялық жабдықтарды іске қосу және сервистік қызмет көрсетумен айналысатын сервистік өндірістік компания.

Компания құрамында 400-ден астам жоғары білікті инженерлер жұмыс істейді. Олар «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ және «Алтыналмас» АҚ сияқты жетекші кәсіпорындардың стационарлық технологиялық жабдықтарының сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

«Казцентрналадка» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыттары:

  • тау-кен өндірісіне арналған стационарлық жабдықтарды сервистік және техникалық қызмет көрсету, жөндеу;

  • біліктерді теңгеру, лазерлік орталықтау, құралмен дәл реттеу;

  • шахталық көтергіш қондырғылар мен негізгі желдеткіш қондырғыларды тексеру, іске қосу және сынақтан өткізу;

  • жүк көтергіш механизмдер мен қысымдағы ыдыстарды тексеру және техникалық куәландыру;

  • технологиялық процестерді басқару жүйелерін жобалау және автоматтандыру;

  • техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау;

  • ғимараттар мен құрылыстарға техникалық сараптама жүргізу;

  • бұзбай бақылау (дефектоскопия), техникалық құрылғыларға, материалдарға, ғимараттар мен құрылыстарға өлшеу және сынақ жүргізу зертханасы.

002 page 0001003 page 0001

Компания АСУТП саласында өндірістік процестердің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу бойынша үлкен тәжірибеге ие. Біздің жобаларымыз әртүрлі технологиялық процестерді автоматтандыруды, заманауи мониторинг және басқару жүйелерін интеграциялауды, сондай-ақ өндірістік объектілердің қауіпсіздігі мен энергия тиімділігін арттыруға арналған шешімдерді әзірлеуді қамтиды. Біз тапсырыс беруші кәсіпорындар үшін сәтті жобаларды жүзеге асырып, өндірістік процестерді оңтайландырып, пайдалану шығындарын қысқартуға көмектесіп келеміз.

004 page 0001005 page 0001

https://kcn.kz

Қосымша ақпаратты 2025 жылғы 21–23 қазан аралығында өтетін Powerexpo Almaty 2025 көрмесінен алуға болады.

Көрмеге тегін бару үшін PWRX21MC7L жарнамалық кодын пайдаланыңыз.