23-ші Қазақстандық Халықаралық "Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау" көрмесі

POWEREXPO ALMATY 2024: КӨРМЕНІҢ 66%-ҒА ӨСУІ, ИННОВАЦИЯЛАРҒА ТОЛЫ ЕКІ ПАВИЛЬОН ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН ЖЕТЕКШІ САРАПШЫЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІГІ

30 ҚАЗАН АЛМАТЫДА «АТАКЕНТ» ҚІЫО-ДА 22-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЭНЕРГЕТИКА, ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МАШИНА ЖАСАУ» POWEREXPO ALMATY 2024 КӨРМЕСІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ.

pea1st 06

 

Энергетика саласындағы бұл маңызды іс-шара әртүрлі елдердің жетекші өндірушілерін, жеткізушілерін және сарапшыларын жинап, тәжірибе алмасуға және өзекті тенденцияларды талқылауға бірегей мүмкіндік берді.   

Биыл көрме Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Чехия сияқты 12 елден 186 қатысушыны біріктірді.  Экспозицияның орасан зор өсуінен басқа, экспоненттердің әсерлі халықаралық қызығушылығын атап өткен жөн. Көрмеге Қазақстандық 68 компания және 118 халықаралық қатысушы қатысты. Осылайша, топ-3 қатысушы елдерге Қазақстан, Қытай және Ресей кірді. Дәстүр бойынша көрмеде Ресей Федерациясының өңірлері мен республикаларының ұжымдық стендтері ұсынылады, ал «Узэлтехсаноат» Қауымдастығы –Өзбекстанның Электротехникалық Өнеркәсібі алғаш рет Өзбекістан өндірушілерінің үлкен ұжымдық стендін ұйымдастырды. 

pea1st 09

Powerexpo Almaty 2024 көрмесі энергетика саласындағы жаңа әзірлемелер мен шешімдерді, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологияларды көрсетеді. Бұл өңірдің энергетикалық секторын дамытуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және қазіргі заманғы экологиялық стандарттарға сәйкес инфрақұрылымды жаңғыртуға ұмтылыстың айғағы. 

Саланың дамуымен бірге ЭКСПО-алаңдар да өз өсімін жалғастыруда. Қатысушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 37%-ға өсті, олардың арасында алғаш рет 114 компания қатысады. Көрме екі павильонда және көше экспозициясында орналасқан, оның өсуі 66%-ды құрады.

pea1st 18

Бірінші күннің іскерлік бағдарламасы Қазақстандағы сутегі энергетикасының болашағының негізгі мәселелерін талқылаудан басталды. «Қазақстанның сутегі энергетикасының болашағы: трендтер мен перспективалар» Пленарлық сессиясы аясында сарапшылар сутекті энергия көзі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін және елдегі осы бағыттың әлеуетті даму жолдарын талқылады.

Спикерлер – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры Жақып Хайрушев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі, «Жасыл даму» АҚ Басқарушы директоры Сәкен Қалқаманов, Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ КеАҚ «Жылу энергетикасы» кафедрасының профессоры Андрей Кибарин, KPMG Law Kazakhstan директоры Әсел Қазбекова, Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының өңдеу және талдау департаментінің директоры Марат Қалменов.

pea1st 02

Ж. Хайрушев өзінің құттықтау сөзінде: «Жиырма жылдан астам уақыт бойы бұл көрме тәжірибе алмасу, перспективалық шешімдерді талқылау және энергетика секторындағы әріптестік байланыстарды нығайту үшін негізгі алаң ретінде қызмет етіп келеді. Ал Қазақстанның сутегі энергетикасы тақырыбындағы бүгінгі пікірталас біздің энергетикалық секторымыз инновацияларды енгізіп, халықаралық нарықтарға табысты кірігіп, белсенді дамып келе жатқанын көрсетті» - деп айтты. Пленарлық сессия көрменің ресми ашылуын атап өткен спикерлердің қатысуымен лентаны кесу рәсімімен және одан кейінгі экспозиция бойынша турымен аяқталды. Құрметті қонақтар жанды диалог форматында ірі отандық және халықаралық экспоненттермен әңгімелесе алды.

Бағдарламаның жалғасында «Киберқауіпсіздіктегі инновациялар және энергетикада ЖИ қолдану» кейс-сессиясы өтті, онда энергетикалық желілерді қорғау және жасанды интеллектті пайдалану есебінен олардың тұрақтылығын арттыру үшін жаңа технологиялар қаралды. Сондай–ақ, DKC-booked, TGS-Solar, Қазақстандық арматуралық-оқшаулау зауыты, Курск электр аппараттық зауыты, Chint KZ компанияларының семинарлары өтті.

Көрменің екінші күні, 31 қазан, «Энергетикалық жүйенің бөлігі ретінде жаңартылатын энергия көздері және шағын және орта бизнес үшін электрмен жабдықтау көзі» Панельдік талқылауын және «Елішілік құндылық: энергетикадағы отандық тауар өндірушілер» кейс-сессиясын қоса алғанда, қызықты іс-шараларды уәде етеді. Chint kz, Aksa Power Generation, Изолятор КТ, Te Connectivity, Center for Energy and Environmental Research (CEER) компанияларының семинар аймақтарында семинарлар өткізіледі, онда энергетика саласы үшін өздерінің заманауи шешімдері таныстырылады.


Powerexpo Almaty 2024 көрмесін Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Самұрық – Энерго» АҚ, Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания «KEGOC» АҚ, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы – КЭА, Қазақстандық энергия аудиторлары қауымдастығы ресми қолдау көрсетті.

Көрме 1 қарашаға дейін жалғасады және саланың барлық мамандарын бір алаңға жинайды! Біз сізді іс-шараның веб-сайтына алдын-ала тіркелу арқылы күтеміз.

www.powerexpo.kz