POWEREXPO ALMATY 2024 – ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МЕН ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛАҢ
2024 ЖЫЛДЫҢ 30 ҚАЗАНЫ МЕН 1 ҚАРАШАСЫ АРАЛЫҒЫНДА «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА 22-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЭНЕРГЕТИКА, ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МАШИНА ЖАСАУ» – POWEREXPO ALMATY 2024 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Экспо-шараға 12 елден 178 компания қатысады, олардың ішінде Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Таиланд, Түркия, Өзбекстан және Чехия.
2001 жылдан бастап Powerexpo Almaty жобасы мамандардың назарына іскерлік кездесулер, тәжірибе алмасу, жаңа байланыстар орнату және келіссөздер жүргізу үшін дәстүрлі алаңға айнала отырып, энергетика саласы үшін ең заманауи жабдықтардың, технологиялар мен қызметтердің толық спектрін ұсынады.
Көрме жыл сайын электр жабдықтарын өндірушілерді, жеткізушілерді және тұтынушыларды біріктіреді, бұл оның барлық қатысушылары үшін кең іскерлік байланыс пен жоғары коммерциялық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қатысушылар электротехникалық жабдықтардың озық жетістіктері мен жаңа үлгілерін, электрмен жабдықтауды, жоғары вольтты және төмен вольтты жабдықтарды, жарық техникасын, кабельдік-өткізгіш өнімдерін, электр монтаждау бұйымдары мен құралдарын, есепке алу, бақылау және өлшеу аспаптарын, ғимараттар мен құрылыстарды автоматтандыруды, өнеркәсіптік автоматтандыруды және диспетчерлеуді қоса алғанда, инновациялық әзірлемелерді ұсынады.
Powerexpo Almaty 2024 көрмесі әлемнің түкпір-түкпірінен компанияларды біріктіре отырып, энергетика саласындағы маңызды іс-шара болуға уәде береді. Биыл қатысушылар арасында 67 жетекші Қазақстандық компания, сондай-ақ 110 халықаралық ұйым ұсынылады, бұл іс-шараға халықаралық қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.
Көрме аясындағы ұжымдық стендтер – Мордовия Республикасы, Омбы облысы, Моспром ұжымдық стенді, Өзбекстанның Электротехникалық өнеркәсібі – «Узэлтехсаноат» Қауымдастығы қатысады, бұл халықаралық өзара әрекеттесу мен іскерлік ынтымақтастықты тереңдету үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.
Биылғы жылы көрме қатысушылардың санын көбейтіп, екі павильон мен көше алаңында орналасқан экспозициялық алаңдарды кеңейтті. 106 дебютант компания, олардың ішінде «Узэлтехсаноат» қауымдастығы, IEC Energy, CNC Electric, Kazelectrosnab, Petroleum Technology, Weicon, Averture, Toshelectroapparat, Maico Italia S.R.L., Brentwood Asia, Қазақстандық арматуралық-оқшаулау зауыты, Воронежский Трансформатор, Смтмакс, Rohde & Schwarz, Hardy және басқалары шешімдерді ұсынады, бұл энергетика саласының болашағын өзгерте алады. Үш жетекші қатысушы елдің қатарында: Қазақстан – 50 компания; Қытай – 48 компания; Ресей – 46 компания.
Іскерлік бағдарлама отандық энергетика саласының жай-күйі мен даму перспективаларының өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған сессияларды қамтиды. 30 қазанда өтетін «Қазақстанның сутегі энергетикасының болашағы: трендтер мен перспективалар» тақырыбындағы Стратегиялық сессия маңызды шара болмақ. Осы кездесу аясында мемлекеттік органдардың, ірі энергетикалық корпорациялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстандағы сутегі энергетикасын дамыту перспективаларын талқылайды. Сол күні энергетикалық инфрақұрылым үшін цифрлық қауіпсіздік сын-тегеуріндерін қозғайтын «Киберқауіпсіздіктегі инновациялар және энергетикада ЖИ қолдану» кейс-сессиясы өтеді. Бірінші күннің іскерлік бағдарламасының контентіне DKC, TGS-Solar, Қазақстандық арматуралық-оқшаулау зауыты, Курск электр аппараттық зауыты, Chint KZ компанияларының семинарлары да кіреді.
31 қазан, «Шағын және орта бизнес үшін энергетикалық жүйенің және электрмен жабдықтау көзінің бөлігі ретінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК)» Панельдік талқылауы жоспарланған. Соңында «Ел ішіндегі құндылық: энергетикадағы отандық тауар өндірушілер» кейс-сессиясы өтеді, онда отандық өндірушілердің елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қосқан үлесі талқыланады. Бреслер НПП, Chint kz, Aksa Power Generation, Изолятор КТ, TE Connectivity, Center for Energy and Environmental Research (CEER) компаниялары энергетика саласы үшін өздерінің заманауи шешімдерін таныстыратын семинарлар өткізеді.
Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы, Қазақстандық Электр энергетикалық Қауымдастығы – КЭА, Қазақстан энергоаудиторлар қауымдастығы ресми қолдау көрсетті.