23-ші Қазақстандық Халықаралық "Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау" көрмесі

POWEREXPO ALMATY 2024: ЭНЕРГЕТИКА, ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ІС ШАРА

2024 ЖЫЛДЫҢ 30 ҚАЗАНЫ МЕН 1 ҚАРАШАСЫ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ІС-ШАРА – 22-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЭНЕРГЕТИКА, ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МАШИНА ЖАСАУ» – POWEREXPO ALMATY 2024 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.  

Қазақстанның энергетикалық секторы энергетикалық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып саналады. Мұнай, газ және көмір сияқты табиғи ресурстардың қомақты қорларына ие бола отырып, Қазақстан оларды пайдалануды оңтайландыруға, заманауи технологияларды енгізуге және энергетика секторының тұрақты дамуына қол жеткізуге ұмтылады.  2024 жылы еліміз жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды белсенді дамытуда. Мемлекет жел, күн және су электр станцияларының құрылысына 50 миллиард теңге салады. Жалпы қуаты 117,35 МВт болатын 11 жаңа нысан іске қосылады деп күтілуде, бұл көміртегі ізін айтарлықтай азайтуға және тұрақты даму мақсаттарын қолдауға мүмкіндік береді. Мұндай ауқымды инвестициялар мен жаңартылатын энергия көздерін белсенді дамыту Powerexpo Almaty 2024 көрмесінің маңыздылығын көрсетеді.

Биылғы жылы көрмеге Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Таиланд, Түркия, Өзбекстан және Чех Республикасы сияқты 12 елден 157 компания қатысады. Қатысушылар баламалы энергия көздері, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, кабельдік-өткізгіштік өнімдер, өнеркәсіптік жарықтандыру, сондай-ақ осы және басқа да байланысты салалардағы соңғы жетістіктер сияқты маңызды бағыттардағы озық әзірлемелерді ұсынады.

2023 жылдың табысты нәтижелерін ескере отырып, көрмеге 2 710 сала маманы келіп, 10 елден 117 компания қатысқан кезде Powerexpo Almaty 2024 көрмесі өңірде және одан тыс жерлерде энергетика секторының орнықты дамуы мен өркендеуін қолдауға бағытталған озық тәжірибелермен, инновациялық идеялармен және стратегиялармен алмасу үшін бірегей салалық алаң болуға уәде береді.

Биылғы экспо-шараның қатысушылар санының ұлғаюымен және алаңның кеңеюімен белгіленеді. Көрме екі павильонда және көше экспозициясында өтеді. Көрмеде алғаш рет дебют жасайтын компаниялардың қатысуы ерекше қызығушылық тудырады. Олардың ішінде IEC Energy, CNC Electric, Weicon, Averture, Maico Italia S. R. L., Brentwood Asia, Toshelectroapparat, AEC Kazakhstan, BK Connectors, CNC Electric, Future Power Solutions, Kazelectrosnab, OEM Engineering.Vostok, Petroleum Technology, TDZ, Вавиот Азия, Воронежский Трансформатор, Изолятор НПО, Импульс ППИ, Ритет, Ойл, Смтмакс, Энергия Вода Решения, Эпромет, Электроточприбор, Юджен, Қазақстандық арматуралық-оқшаулағыш зауыты және басқалар. Көрменің дебютанттары келушілерге энергетика саласының болашағын өзгерте алатын инновациялық өнімдерді бірінші болып көруге мүмкіндік беретін озық шешімдер мен технологияларды ұсынады.

Көрме экспозициясынан басқа, көрмеге келушілер мен қатысушыларды энергетиканың өзекті мәселелеріне арналған негізгі сессиялар өтетін қызықты іскерлік бағдарлама күтеді. 30 қазанда «Қазақстанның сутегі энергетикасының болашағы: трендтер мен перспективалар» атты тақырыбында Стратегиялық сессия өтеді, онда министрліктердің, ірі энергетикалық компаниялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері сутегі энергетикасының ұлттық стратегиясын әзірлеу мәселелерін талқылайды. Сол күні «Киберқауіпсіздіктегі инновациялар және энергетикада ЖИ қолдану» атты тақырыбында кейс-сессия өтеді, онда Қазақстанның энергетикалық жүйелері үшін киберқауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер, сондай-ақ жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері талқыланады.

31 қазанның күн тәртібінде «Энергия жүйесінің бөлігі ретінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) және шағын және орта бизнес үшін электрмен жабдықтау көзі» атты Панельдік пікірталас өтеді, оның аясында ЖЭК пайдаланудың қазақстандық және халықаралық тәжірибесі қаралатын болады. Сондай-ақ, «Елішілік құндылық: энергетикадағы отандық тауар өндірушілер» атты кейс-сессиясы өтеді, онда Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі жергілікті өндірушілердің рөлі талқыланады.

Powerexpo Almaty 2024 энергетикадағы жаңа технологиялар мен шешімдерді талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіре отырып, жылдың маңызды іс-шарасы болуға уәде береді.

Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Ресми қолдау көрсеткендер: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Самұрық-Энерго» АҚ, Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ, Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы (КЭА), Қазақстандық Энергоаудиторлар Қауымдастығы.