АЛМАТЫДА POWEREXPO ALMATY 2023 ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ, ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
МАҢЫЗДЫ ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕ ШАРАСЫ – «ЭНЕРГЕТИКА, ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МАШИНА ҚҰРАСТЫРУ» POWEREXPO ALMATY ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ 2023 ЖЫЛҒЫ 17-19 ҚАЗАНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, «АТАКЕНТ» КҚКО КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ӨТЕДІ.
Мұнда әлемнің 10 елінен 115-тен астам компания жиналып, өз өнімдері мен идеяларын ұсынып, бизнесін кеңейтуге және саланы одан әрі дамытуға мүмкіндік жасайды.
Powerexpo Almaty – жыл сайын электр өнімдерін, жабдықтар мен қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілерді тікелей тұтынушылармен – сатып алу бөлімінің мамандарымен, дистрибьюторлармен, кәсіпорындардың инженерлерімен және энергетиктерімен, конструкторлармен, монтажшылармен біріктіретін халықаралық коммуникациялық алаң.
Экспозиция 2023
Австрия, Армения, Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Словакия, Финляндия және Франциядан келген экспоненттер энергетика саласындағы кешенді шешімдерді; электротехникалық, электр орнату және кабель-өткізгіш өнімдерін; монтаждау, сынақ және бақылау-өлшеу жабдықтарын; автоматика, жетекті техникасы мен жарық техникалық жабдықтарды таныстырады.
Германияның негізгі өндірушілері өз елінің бірыңғай ұлттық стендінің астында өзін танысырады, сонымен қатар Мордовия Республикасының, Чуваш Республикасының және Ресей Федерациясының Орынбор облысының ұжымдық стендтері ұсынылады. 2023 жылы Қытайдан келетін компаниялардың Қазақстанның перспективалы нарығына деген қызығушылығы айтарлықтай өсті, бұл екі ел арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті мен перспективаларын айғақтайды. Көрмеге қатысушылардың арасында Қытайдан келген 21 компания бар, бұл қытайлық кәсіпорындардың қарқынды дамып келе жатқан аймақта өздерінің іскерлік байланыстары мен серіктестіктерін арттыруға белсенді ұмтылысын көрсетеді.
Көрмеге жыл сайынғы қатысушылар қатарында Omicron Electronics, В.И. Козлов атындағы Минск электротехникалық зауыты, TЕ Connectivity, Savoir Faire, Siemens, Test Instruments, Силумин-Восток, Өскемен Конденсатор зауыты, ЭКРА Қазақстан, ПФ Электросервис, ЭНСТО Қазақстан бар.
Көрменің жаңа қатысушылары - 60 астам компания
2023 жылғы экспозицияда 60-тан астам компания дебютант қатысады. Алғаш рет өз өнімдері мен қызметтерін Beierton, Beta Izol, Borusan Cat Қазақстан, Ecostatus Plus.Kz, Led Lighting Сentral Asia Ltd / Белинтегра, Ome Group, Rooq Limited, Solarway-A, Алматы Электро Снаб Aes, Диком Энерджи, Лукойл Лубрикантс Орталық Азия, Клинкманн Қазақстан, Сегмент Энерго Казахстан, Электронприбор Kz, Pcvue, Aps Group Energy, Meka Pro Oy, Албимакс Металл, Center-Asian Company, Tele Radio, Аэс-Комплект, Вольт-Спб, Қазандық Жабдықтары Зауыты, Полимер-Аппарат, Промрукав, Спецкабель Нпп, Точинвест-Шзмк, Энергосервис Инженерлік Орталығы, «Втк Энерго» Сауда Үйі, Соэми, Юмэк, Орынбор облысының Экспортты Қолдау Орталығы.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан электр энергетикасындағы саясат пен даму векторы қазақстандық нарыққа деген қызығушылықтың артуына және көрмеге қатысушылар санының өсуіне тікелей әсер етеді. Жасыл энергетиканы дамыту, жаңа экологиялық қолайлы технологияларды пайдалану, энергетикалық қауіпсіздікті және экологиялық таза болашақты қамтамасыз ету Қазақстан дамуының басты басым бағыттарының бірі болып табылады. Республика 2050 жылға қарай елде өндірілген электр энергиясының кемінде 50% жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне ауыстыруды мақсат етіп отыр. Статистикаға сәйкес, өткен жылдың өзінде жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 2,4 мың МВт-қа ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,8% - ға артық. ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, елімізде жаңартылатын энергия көздері саласында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Жаңартылатын энергия көздеріне көшу жаһандық энергетикалық мәселелерді шешуге арналған цифрлық инновациялар үшін жаңа перспективалар ашады.
Solarway-a, Shenzhen Itsuwa Technology компаниялары Powerexpo Almaty үй және бизнеске арналған күн электр станцияларын, портативті күн генераторларын, тұрмыстық және коммерциялық энергия үнемдеу станцияларын ұсынады.
Іскерлік бағдарлама
2023 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманы іс жүзінде енгізу, сала мәселелерін ашық талқылау, ағымдағы міндеттердің шешімдерін әзірлеу салалық сарапшылардың қатысуын талап етеді. Көрменің іскерлік бағдарламасы барысында ОЭК кәсіпорындары мен инженерлік-техникалық қызметтердің басшылары; АЭК, ЖЭО, ГЭС басшылары; коммуналдық шаруашылықтардың, өнеркәсіптік, өндірістік және өндірістік бас инженерлері мен энергетиктері, әр түрлі саладағы сауда кәсіпорындары; жобалау, құрылыс, монтаждау ұйымдарының өкілдері үшін дөңгелек үстелдер мен семинарларда ондаған спикерлер, олардың ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшы-практиктер, ірі салалық қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері қатысады.
Ресми қолдау
Powerexpo Almaty 2023 көрмесін Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады. Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания, Қазақстандық Электр энергетикасы Қауымдастығы, Қазақстандық Энергоаудиторлары Қауымдастығы ресми қолдау көрсетті.