ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНЫҢ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРЫ POWEREXPO ALMATY 2022 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ҮШІН КЕЗДЕСЕДІ
28-30 қыркүйек аралығында «Атакент» көрме орталығында «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау» - Pоwerexpo Almaty 2022 20-шы мерейтойлық Қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді.
Қазақстан өнеркәсіп пен экономиканы экологияландыру жағына қарай өз қозғалысын жалғастыруда, энергетика саласы да қалыс қалмады. Еліміздің энергия жүйесі өзін-өзі теңгерімдеу режимінде жұмыс істейді, ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 114,4 млрд кВтс немесе 2020 жылға қарай 106%-ды құрады. Базалық та, сондай-ақ реттеуші энергетикалық қуаттың тапшылығының орнын толтыру үшін шектес мемлекеттердің энергия жүйелерін реттеуден бастап энергия жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты, энергия теңгерімімен дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінің қуаттарын өсірумен қатар, Қазақстан АЭС-тен генерацияны енгізу сценарийін қарауы қажет. Сала алдында көмір, газ, атом генерациясын, су электр станцияларын, сондай-ақ, ЖЭК дамыту бойынша өзекті сын-қатерлер тұр.
Pоwerexpo Almaty 2022 көрмесінің үш күн ішінде электр энергетикасы саласының кәсіпқойлары Қазақстан энергетикасын одан әрі дамыту, ЖЭК қолдану, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жолдарын талқылай алады.
2022 жылы Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей және Украинадан 80-нен астам компания көрмеге қатысатындықтарын мәлімдеді.
Экспоненттердің 40% отандық өндірушілер болып табылады, бұл біздің өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстан нарығының перспективаларын көрсетеді.
Стендпен алғаш рет өнер көрсететін дебютант компаниялар арасында Chint KZ, INNIO, Ernes Industrial Power Systems, MWM Austria GmbH, Repl Italia, Work Italia, КСБ Қазақстан, PVR Энерго, ЗЭТА, ЭнергоСтальКонструкция ерекшеленеді.
Неміс павильоны EFEN, ETW Energietechnik GMBH, Elektra-Elektronik GMBH & CO. Storycontroller KG, Bundesministerium für wirtschaft und klimaschutz компанияларын ұсынады. Чуваш Республикасы, Омбы облысы және Мордовия республикасының ұжымдық стендтеріне 17 ресейлік компания қатысады.
Powerexpo Almaty экспозициясы электротехника, энергияның баламалы көздері, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, Кабельдік-өткізгіш өнімдер, жарықтандыру, өнеркәсіптік жарық техникасы сияқты бөлімдермен ұсынылады және мемлекеттік құрылымдар мен ведомстволар өкілдеріне; ОЭК кәсіпорындары мен инженерлік-техникалық қызметтер басшыларына; ӨЭК, ЖЭО, ГЭС басшылығына, коммуналдық шаруашылықтардың бас инженерлері мен энергетиктеріне және түрлі салалардағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдеріне; жобалау, құрылыс, монтаж ұйымдарының өкілдеріне; көлік, сервистік және сауда кәсіпорындарының мамандарына қызықты болады.
Саланы дамытудың одан әрі векторларын айқындау және кәсіби білімді арттыру мақсатында мамандар үшін мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылатын болады.
28 қыркүйекте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ ұйымдастырған дөңгелек үстел өтеді, SIEMENS «Цифрлық қосалқы станциялар. Қазіргі энергетикадағы телекоммуникациялар» тақырыбына семинар өткізеді, ал Киселев Сергей SEFE Marketing & Trading Switzerland AG компаниясынан көміртегі бірліктерін шығару арқылы ЖЭК жобаларына арналған халықаралық қаржыландыруды тарту туралы әңгімелейді.
29 қыркүйекте Қазақстандық Энергоаудиторлар Қауымдастығы мамандар үшін энергоаудит бойынша семинар ұйымдастырады, ал Қазақстан Республикасының инженер-энергетиктер Одағы Pribor.kz бірлесіп «Қазақстанның электр энергетикасын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Powerexpo Almaty 2022 көрмесінің ұйымдастырушысы Iteca қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания, ҚЭҚ - қазақстандық электр энергетикалық Қауымдастығы, Қазақстан Республикасының инженер–энергетиктер одағы, «Қазақстандық Энергоаудиторлар Қауымдастығы» ЗТБ ресми қолдау көрсетті.