Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау” Қазақстандық халықаралық көрмесі

27-29 ҚАЗАН 2021

Алматы, Қазақстан

Powerexpo Almaty 2019 Қатысушыларының Пікірлері

Тадеуш Тулета, «PRODMOREX» компаниясының Бас директоры, Польша

Powerexpo Almaty көрмесіне серіктестер іздеуге келдік. Бізді жергілікті нарық қызықтыруда, және бұл көрмеге жыл сайын мақсатты түрде қатысуға ниеттіміз. Бұл шара, мақсатты аудиториямызға, біздің өніміміздің барлық артықшылықтарын көрсетуге жақсы мүмкіндік береді. Бұдан басқа, біз басқа елдерден әлеуетті серіктестермен танысамыз. Бұл жерде ұсынылған компаниялардың шамамен 40% біздің әлеуетті клиенттеріміз. Мысалға, тура бізге қарама-қарсы Минсктен келген компания орналасқан. Біз олармен бұрыннан бері ынтымақтастықты жоспарлап жүргенбіз, сондықтан көрмедегі кездесу жұмыс мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.


Мейіржан Тоқтарақын, «Alageum Electrik» АҚ, Сату жөніндегі директоры, Қазақстан

Powerexpo Almaty көрмесіне біз жыл сайын қатысамыз. Біз үшін бұл имидждік шара, біздің жетістіктерімізді паш ететін, нарықта не болып жатқанын көретін, бәсекелестеріміздің қайда жылжып бара жатқанын және қандай даму жолдары бар екенін көретін мүмкіндік. Біздің мақсатты аудиториямыз – өнеркәсіп кәсіпорындары, жобалау институттары, құрылыс компаниялары, энергия компаниялары. Олар бұл жерде бар. Көрме өте жемісті өтіп жатыр, кездесулер бірінен соң бірі өтіп жатыр. Iteca компаниясына жыл сайын осындай керемет мүмкіндік ұсынғандары үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз үнемі өз өнімімізді жетілдіруге тырысамыз: габариттерін азайтуға, пайдалану мерзімін ұзатуға, трансформаторларды жұмыста ыңғайлырақ қылуға. Көрме біздің барлық жаңалықтарымызды тұтынушыларға жеткізуге көмектеседі.


Юрий Погребняк, ПИК «ГРАНТ» Атқарушы директоры, Украина

Біз Powerexpo Almaty көрмесіне гидро және жылу энергетикалық жобалардың инфрақұрылымдық құрылысына (шағын станциялар, арналар,регациялық жүйелер) тапсырысшылар іздеуге келдік.  Біздің компаниямыз өте санаулы аудиторияға бағытталған ірі объекттерді жобалаумен айналысады. Көрмедегі біздің басты мақсатымыз – өзіміз туралы мәлімдеу. Бұл шара бізге жергілікті нарықты түсінуге, қажеттілікті білуге, біздің әлеуетті клиенттеріміздің кім екенін анықтауға көмектеседі. Бұл жерде жергілікті жобаларда серіктестеріміз бола алатын ұйымдармен таныстық, жабдықтардың жеткізушілерін таптық. Көрме тек Қазақстанға ғана бағытталмаған. Басқа мемлекеттерден келген қатысушылар енді біздің компаниямыз туралы біледі және Украинада жұмыс істеу барысында бізбен ынтамақтаса алады. Сондықтақтан да біз көрмеден ризамыз және бұл жерге қайтадан келуді жоспарлап жатырмыз.


Рагиф Юсифов, Сумгаитск технологиялық паркі, Орта Азия өкілдігінің басшысы, Әзербайжан

Powerexpo Almaty көрмесіне екінші рет қатысып отырмыз, және бұл көрме өте сәтті деп есептейміз. Қатысушы мемлекеттердің санының көптігі кәсіпорындарға жұмыстарында жаңа мүмкіншіліктер ашады. Көрмеге бізді кәсіби қызығушылық әкеледі. Біз үнемі бір бірімізден үйренеміз. Біз үшін, өндірісшілер ретінде, инновациялармен танысу маңызды. Iteca компаниясына үлкен алғыс, сіздер компанияларға, өндірісшілерге, дилерлерге, дистрибьютерлерге көп көмектесесіздер. Powerexpo Almaty көрмесі кәсіби байланыс қалыптастырады, және көрме – бұл әрдайым бір үлкен нәрсенің бастамасы. Біз көрменің нәтижесімен ризамыз.


Андрей Фоминов, «BARLED» Дилерлермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы, Ресей

Powerexpo көрмесіне біздің компаниямыз 4 рет қатарынан қатысып отыр. Әр көрме біз үшін бірегей. 4 жыл ішінде біз жоспарлы түрде белгілі бір деңгейге шықтық, көрмеде танысқан ірі кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Powerexpo Almaty жаңа клиенттерді табуға ғана емес, ескі клиенттерімізбен кездесіп, олардың қажеттіліктерін білуге де мүмкіндік береді. Барлық кері байланыстан алған ақпаратты біз өзімізде өңдейміз, және келесі жолы жаңа техникалық шешімдермен келеміз. Сондықтан көрме біз үшін – бұл әрдайым кәсіби өсу. Биыл да біздің алдымызда бизнеске жаңа көкжиек ашатын жаңа тапсырыстар алдық.