23-ші Қазақстандық Халықаралық "Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау" көрмесі

POWEREXPO ALMATY 2025: ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚОЛДАУ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

2025 ЖЫЛҒЫ 21-23 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӨРМЕЛЕРДІҢ БІРІ – POWEREXPO ALMATY ӨТЕДІ.

Бұл – энергетика, электротехника және өнеркәсіптік жарықтандыру саласындағы маңызды шара, ол бүкіл әлемнен жетекші салалық ойыншыларды біріктіреді. Іс-шара заманауи шешімдерді, инновацияларды және саланың даму перспективаларын талқылау алаңына айналады.

Бүгінгі таңда 50-ден астам компания өз қатысуын растады, олардың қатарында Қазақстанның әртүрлі энергия өнеркәсібі секторларын таныстыратын отандық өндірушілер бар. Қазіргі уақытта Alageum Electric, SIGMA CORPORATION, Астанин электротехникалық зауыты, Каз Энерго Пауэр, Қазақстандық арматура-изолятор зауыты, Сегмент Энерго Қазақстан, Силумин-Восток, Өскемен конденсатор зауыты және Энергоскан сияқты қазақстандық компаниялар өз қатысуын растады. Бұл кәсіпорындар өз өнімдерінің жоғары сапасын көрсетіп, тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында Энергетика министрлігі 2025-2031 жылдарға арналған болжамды балансын әзірледі. Ол 2035 жылға дейін 26,5 ГВт көлемінде жаңа генерациялық қуаттарды енгізуді көздейді. Бұл тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етіп, қажетті резерв құруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда Powerexpo Almaty көрмесі және отандық компаниялардың қатысуы ерекше маңызға ие. Олар негізгі компоненттерді өндіру және жеткізумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын нығайтуға үлес қосады. Энергетика саласындағы ұлттық кәсіпорындардың дамуы осы ауқымды жоспарларды табысты жүзеге асырудың негізі болмақ.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.